Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық музейінде 4 наурыз күні сағат 11:00-де Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылады, деп хабарлайды музейдің ақпараттық-имидждік қызметі.

Елордадағы ҚР Ұлттық музейінде «Менің анам» балалар көркемсурет көрмесі ашылады

Музейдің педагогика және балалар шығармашылығы бөлімінің эстетикалық тәрбие беру секторы ұйымдастырып жатқан шараның басты мақсаты балалардың шығармашылық жұмыс нәтижелерін көрсету және жасөспірімдердің  эстетикалық тәрбиесін қалыптастыру.

 «Шебер» студиясының «Кескіндеме және графика» үйірмесі 2015 жылдың маусымында жұмыс істей бастады. Үйірмеде  ҚР суретшілер Одағының мүшесі Мұхтар Байбосынов дәріс береді.

Айта кетейік, жарты жыл ішінде балалардың жұмыстары Ротари қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Astana Art Festival» байқауының арнайы сертификаттарын жеңіп алды.