Елордадағы мектеп-лицейде интернационал жауынгерлерге мемориалдық тақта орнатылды

АСТАНА. Мамырдың 7-сі. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Астанадағы №15 мектеп-лицейде интернационал жауынгерлерге арналып орнатылған мемориалдық тақтаның салтанаты ашылуы болды,

Елордадағы мектеп-лицейде интернационал жауынгерлерге  мемориалдық тақта орнатылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл шара Жеңіс күнінің 64 жылдығына және Ауғанстан жерінен Кеңес әскерінің шығарылғанына 20 жыл толуына орайластырылды. 1979-1985 жылдар аралығында әскери борышын өтеуге аттанып, шайқаста қаза болған жауынгерлер - аталмыш мектеп түлектерінің есімдері бүгінде мәңгілікке тас тақтаға ойылып жазылды. Мектеп әкімшілігі мен оқытушылар жауынгерлердің есімдері мен ерлігі оқу ордасында білім алатын жастарға зор үлгі болып, олардың мақтанышына айналатынына сенім білдірді. Соғыс ардагерлері салтанатты жиынға қатысқан қала тұрғындарына, оқушылар мен ата-аналарға жүрекжарды тілектерін білдірді. Шара соңы мектеп оқушылары дайындаған концерттік бағдарламамен аяқталды.