16:31, 06 Шілде 2016 | GMT +5
Елордадағы нөсер: Коммуналдық қызметтер жаңбыр салдарын жоюда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Қазіргі кезде нөсер салдары жойылып жатыр.
Елорда көшелерін жинауға 90 мамандандырылған техника, соның ішінде «Есіл» ауданы бойынша - 40, «Алматы» ауданында - 27, «Сарыарқа» ауданында - 19 машина тартылды. Мұнымен қоса, су сору жұмыстарына екі жылжымалы сорғы стансасы жұмылдырылды, деп хабарлайды astana.kz.
Коммуналдық қызметтердің қызметкерлерінің айтуынша, тағы да жаңбыр жаумаса, нөсер салдары бір жарым сағаттың ішінде жойылады.