Елордадағы ОҚО жәрмеңкесінде 260 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері сатылады
АСТАНА. 21 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ертең, қыркүйектің 22-сі күні Астана қаласының орталық алаңында Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ашылады.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының бастығы Қанатбек Оспанбековтың айтуынша, ертеңгі жәрмеңкеге 260 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінеді. «Оның басым бөлігі - ет пен бақша дақылдары. Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде сатылатын тауарлардың бағасы елордамен салыстырғанда, 20-25 пайызға арзан болады», - дейді Қ.Оспанбеков.