Елордадағы Оқушылар сарайында 125 үйірме мен секцияға қабылдау басталды
Қала әкімдігінің ресми сайтындағы мәлімет бойынша, Балаларды қабылдау MINDAL порталы арқылы жүзеге асырылады. Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында (Б.Момышұлы даңғылы, 5) үйірмелер мен секциялардың 125 түрі, 11 бағыт бойынша жұмыс істейді. Барлық үйірмелер мен секцияларда
бюджеттік және ақылы негіздегі топтар бар.
Бюджеттік негіздегі топтарға: жетім балалар, аз қамтылған отбасылардың балалары, мүмкіндігі шектеулі балалар, көп балалы отбасылардың балалары және Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалатын өзге де санаттағы азаматтар қабылданады. Ақылы негізде қабылдау 1-15 қыркүйек аралығында өтеді.
«Үйірмелерге қабылданған кезде ата-аналар MINDAL портал арқылы өтініш береді. Балаларды қабылдау MINDAL ЭЕМ-ге арналған бағдарламаға сервистік қызмет көрсету бойынша жүргізіледі.
Кезекке қоюға өтініш тек электронды түрде беріледі», – деді Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасында.
Өтініш беруші ұялы телефон нөмірін, заңды өкілдің ЖСН және баланың ЖСН міндетті түрде көрсетуі керек. Өтініш беру барысында бір реттік парольдер пайдаланылады. Бұдан әрі, кезекке қойылғаннан кейін нөмірлер өтініш берушінің Жеке кабинетін құру және іске қосу, электронды хабарламаларды тарату үшін пайдаланылады.
Баланың түрлі үйірмелерге және спорт секцияларына бірнеше өтініші болуы мүмкін. Өтініш берген кезде баланың тұратын жері маңызды емес. Баланың тіркелгені туралы смс-хабарламаны
алғаннан кейін растайтын құжаттарды (баланың ЖСН, ата-анасының ЖСН, медициналық анықтама, жеңілдікті растайтын құжаттар) толтырады және қоса тіркейді.
Бұдан әрі MINDAL порталы бюджеттікке растайтын құжаттар болған жағдайда балаларды топтарға анықтайды. Ата-аналардың портал арқылы үйірмелер мен секциялардағы бос орындарды үнемі қадағалау мүмкіндігі бар.