Елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №98 сайлау учаскесінде сайлау қызуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы М.Өтемісов атындағы Оқушылар сарайында орналасқан №98 сайлау учаскесінің төрайымы Құралай Мұқышеваның айтуынша, аталған сайлау учаскесіне 2431 сайлаушы тіркелген.

Елордадағы Оқушылар сарайында орналасқан №98 сайлау учаскесінде сайлау қызуда

"Қазірдің өзінде 200-ден астам сайлаушы келіп дауыс берді. Ең белсенділеріне сыйлықтар таратып жатырмыз. Соның ішінде тұңғыш рет дауыс беріп отырған жастарымыз да бар", - деп атап өтті ол.

Кәмелетке енді ғана толса да, бүгінгі күннің маңызын түсініп, сайлауға таңсәріден келген Әлібек Құттықов пен Аида Хасановалар өздерінің ойларымен және дауыс беру сәтінен алған әсерлерімен бөлісті.

"Бұл мен үшін өте маңызды күн. Өйткені тұңғыш рет сайлауға қатысып отырмын. Бізге беріліп отырған мүмкіндікті дұрыс пайдаланып, өз таңдауымызды жасасақ, болашағы жарқын, ынтымағы жарасқан мемлекетте өмін сүретінімізге сенімдімін", - дейді Ә.Құттықов.