Елордадағы «Орбита» сауда үйінде күзетшіні өлтіріп кетті
АСТАНА. 1 қараша. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордадағы «Орбита» сауда үйінде күзетшіні өлтіріп кетті. Бұл ақпаратты ҚазАқпарат тілшісіне Астана қалалық ІІД мемлекеттік тіл және ақпарат бөлімінің бастығы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«31 қазан күні таңғы сағат 7-де «Орбита» сауда үйінің 1966 жылы дүниеге келген күзетшісінің мәйіті табылды. Бұл оқиға байланысты ҚР КҚ-нің 96 бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деді ол.