Елордадағы Орынбор көшесі жасыл желекке бөленді

ТАНА. 24 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджанов бастаған депутаттар Астана бойынша өткізілген жалпықалалық сенбілікке шығып,
None
None

Орынбор көшесінің жиегіне ағаштар отырғызды. Сол жағалаудағы көрікті көшеге үш қатар бойына көктерек пен қарағаштың жас талдары егілді, деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.

Көтеріңкі көңілмен сенбілікке келген Майра Айсина, Татьяна Яковлева, Бағила Баймағамбетова, Светлана Ферхо және басқа да парламентшілер ер азаматтармен қатар еңбек етті.

Бірқатар депутаттар қолдарына күрек алып, қара топырақты зембілдерге салып тұрса, олардың өзге әріптестері оны тасып, ағаштың түбіне салумен айналысты.

Мәжіліс Төрағасының орынбасарлары Жәнібек Кәрібжанов пен Владимир Бобров және олардың әріптестері Сейітсұлтан Әйімбетов, Әмзебек Жолшыбеков, Рамазан Сәрпеков, Виктор Киянский және Уәлихан Қоңырбаевтар белсенділік танытты.

Сонымен қатар Құрманғали Уәли, Төлеубек Қосмамбетов, Жексенбай Дүйсебаев, Шавхат Өтемісов, Дауылбай Құсайынов, Серік Темірболатов, Нұрлан Өнербай, Бекен Әлімжанов, Ержан Исақұлов, Камал Бұрханов, Тұрарбек Асанов, Ермұханбет Омаров, Леонид Питаленко, Егор Каппель сынды халық қалаулылары еңбек етуде ерінбейтіндіктерін көрсетті.

Олег Дымов, Николай Турецкий, Александр Милютин, Серік Оспанов, Тәңірберген Бердіоңғаровтар да жас талдарды баппен егіп, елорданы көркейтуге бағытталған сенбілікке өз үлестерін қосты.

Жаңадан егілген ағаштар тамыр алып кетуі үшін олардың түбіне су құйылды.

Бұл күні депутаттармен бірге Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Аппаратындағы мемлекеттік қызметкерлер де жалпықалалық сенбілікке шығып, қаланы жасыл желекке бөлеуге атсалысты.

Соңғы жаңалықтар