Елордадағы Павлодар облысының жәрмеңкесінде өнімдер қандай бағамен сатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада 8 - 9 қыркүйек күндері Павлодар облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің сайты.
None
None

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде облыстың барлық өңірлерінің 100-ден астам өңдеуші кәсіпорындары мен ауылшаруашылық құрылымдары қатысады. Олар барлығы 110 млн теңгеден астам сомаға 465 тонна көлемінде өнім әкеледі.

Ет 36,7 тонна (18,7 тонна сиыр еті, 10,5 тонна жылқы еті, 2,5 тонна қой еті, 5 тонна құс еті), 220 тонна картоп, 80 тонна көкөніс, 60 тонна бақша дақылдары, 5 тонна балық, 90 мың дана жұмыртқа, 6 тонна шұжық өнімдері, 1 500 консерві, 10 тонна сүт өнімдері, 7,5 тонна қымыз, 4 тонна ірімшік, 10 тонна ұн, 6 тонна жарма, екі тоннадан макарон, нан-тоқаш, кондитер өнімдері, 4,5 тонна бал, 4 тонна өсімдік майы саудаланады.

Сиыр етінің келісі 1 350 теңгеден, жылқы еті - 1 550 теңге, қазыны - 1 750 теңге, қой еті - 1 300 теңге, құс еті - 700 теңге, жұмыртқа - 10 данасы 170 теңге, қатты сұрыпты ірімшік - 1 800 теңге, қымыздың литрі - 600 теңге, балдың келісі - 1 500 теңге/кг, өсімдік майынның литрі  - 360 теңге, макарон өнімдерінің келісі - 140 теңге, қарақұмық жармасы - 120 теңге, жоғары сұрыпты ұн - 120 теңге, картоп, қырыққабат, пияздың келісі - 70 теңге, сәбіз, қызылшаны - 90 теңге, қарбыздың келісі - 50 теңгеден сатылады.

Өткен жылдардың тәжірибесі бойынша павлодарлық ауылшаруашылық тауар өндірушілерінің өнімі астаналықтарда үлкен сұранысқа ие және жәрмеңкені ұйымдастыру кезеңінде толығымен өткізіледі. Қалалықтарда ет өнімдері, картоп, көкөністер және қарбыздар өте танымал.

Тұрғындарға өнімдер Павлодар облысының эмблемасы бар экологиялық жағынан таза пакеттерге салынып беріледі.

Жәрмеңкеде танымал «Рубиком» ЖШС, «КЭММИ» ЖШС, «Ақжар - Өндіріс» ЖШС, «РЭГТайм» ШҚ, «Крендель» ЖШС, «Зерноград» ЖШС, «Галицкое» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС, «Победа» ЖШС, «Ақтоғай Агро» ЖШС сияқты кәсіпорындарының өнімдері ұсынылады.

Сондай-ақ Павлодар облыстық филармониясының шығармашылық ұжымдары өнер көрсетеді.

Жәрмеңке Қ.Мұнайтпасов көшесінің бойындағы «Қазақстан» спорт кешені автотұрағында өтеді.

 

Соңғы жаңалықтар