Елордадағы саяжайлардың бірінде болған өрттен үш бала қаза тапты

АСТАНА. Қазанның 24-і. ҚазАқпарат - Астананың Есіл ауданындағы саяжай үйлерінің бірінде болған өрттен үш сәби мерт болды,

Елордадағы саяжайлардың бірінде болған өрттен үш бала қаза тапты

деп хабарлайды ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі.

 ҚР ТЖМ ақпараты бойынша өрт 1 шаршы метр алаңдағы үй заттарының тұтануынан шыққан. Оны жергілікті тұрғындар өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сегіз минутта сөндіріп үлгерген.

 Екі, төрт және алты жастағы балалар тілсіз жаудың құрбаны болды деп түсіндіреді ТЖМ.