Елордадағы «Шанхай» дәмханасында ірі өрт болды
АСТАНА. 23 желтоқсан. ҚазАқпарат - 22 желтоқсан күні таңертең, Астана қаласында, «Көк базарға» жапсарлас салынған екі қабатты «Шанхай» дәмханасында өрт болды.
Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан хабарлады.
Ведомствоның баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өрттің артынан газ баллоны жарылған. 100 шаршы метр аумақты шарпыған жалынмен күреске ҚР ТЖМ Астана қаласы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 117 адамы мен 24 техникасы жұмылдырылды. Құтқарушылар тілсіз жауды 4 сағатқа жуық уақыттан кейін ғана толығымен ауыздықтай алды. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.