Елордадағы су тасқынына қарсы жағдай толық бақылауға алынған - әкімдік
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы су тасқынына қарсы жағдай толық бақылауға алынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдік сайтына сілтеме.
Су тасқынымен күресу үшін «Астана-Тазалық» ЖШС Майбалық көлінен «Нұра-Есіл» каналына дейінгі арнаны тазартты. Ильинкадағы Кіші Талдыкөлге құятын құбырлар мен бөгеттер тексеріліп шықты. Осы маңдағы ұзындығы 200 метр бөгет пен Ауған орамы ауданындағы ұзындығы 600 метр бөгет нығайтылды.
Сонымен қатар, «ҚазАвтоЖол» компаниясының қызметкерлері оңтүстік-батыс айналма жолының құрылысы тұсындағы Есіл суының еркін өтуіне мүмкіндік жасады. «Газмашаппаратура», Кенесары көшесіндегі көпір тұсындағы өткізу құбырлары мұздан тазартылды (булау), шлюздер ашылды. Су тасқынына қарсы іс-шаралардың бірі - қар тазалау. Осы маусымда 2 985 мың текше метр қар шығарылды. Бүгінгі күні қар шығару жұмыстары аяқталды.
Қазіргі уақытта су тасқынына қарсы іс-шаралар аясында қалалық гарнизонының күшімен қала көшелерінен еріген суды сорғызу жүргізілуде.