Елордадағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк құруға 1 млрд теңге бөлінді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласындағы Үлкен және Кіші Талдыкөлде экопарк ашылады. Бұл мақсатқа 1 млрд теңге қаржы бөлініп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Кіші Талдыкөлдегі экопарк жобасы (Е-10 көшесі, «Жасыл желек» тұрғын үй кешеніне қарама-қарсы) су қоймасын абаттандыруды қарастырады: су қоймасын айналдыра тастан жасалған жағалау болады. Бұл судың табиғи сүзілуін және қажетті экожүйені құруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ су деңгейін сақтап әрі оттегімен біркелкі қанықтыру үшін биодренаждық жүйені ұйымдастыру және су айдынын аэрациялау көзделуде.

Сонымен қатар, серуендеу үшін арнайы инфрақұрылым жасалады: жағалаудағы сулы-батпақты жерлерде террассалық жағалау сақталады және флора мен фаунасы бар экоклимат үшін жағдай жасалады.

«Талдыкөлдің өзінде (Үлкен Талдыкөл) өзінің экологиялық инфрақұрылымы болады. Үлкен Талдыкөл көлінің жанында қорық және орман-саябақ аймағы бар еліміздегі алғашқы табиғи парк ашылады.

Урбанистика орталығы базасында, сондай-ақ Есіл ауданының әкімдігінде Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының, сол сияқты Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасының басшылары Кіші Талдыкөлдің мәселесі бойынша экобелсенділермен, экологтармен және белсенді тұрғындармен бірнеше рет кездесу өткізді», - делінген қала әкімдігі сайтында.


Соңғы жаңалықтар