Елордадағы жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы жаңа мешіттің айналасына үлкен саябақ салынбақ. Қазір аталған аумақты абаттандыру жұмысы жүріп жатыр. Бұл турады Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жаңа қоғамдық кеңістік қала тұрғындары мен қонақтарының таза ауада уақыт өткізуі үшін қолайлы орын болады. Саябақ Мәңгілік Ел, Қабанбай батыр даңғылдары мен Сауран, Хусейн Бен Талал көшелерінің бойында орналасады. Саябақтың орталық аллеясында ұзындығы
Айта кетейік, елордада салынып жатқан жаңа мешіт бұл — еліміз бен Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт. Негізгі күмбездің биіктігі шамамен 90 метр, ал мұнаралар 130 метр биіктікке көтеріледі. Мешіттің сыйымдылығы — 30 мың адам.



