Елордадағы жәрмеңкеде мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Елордадағы Конгресс -Холл ғимаратында 23 сәуірде қала әкімдігінің ұйымдастыруымен бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді.
Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан мәлім етті.
«Мектеп бітірушілер қаладағы сұранысқа ие мамандықтармен және елордадағы жоғары оқу орындарымен таныса алады. Көрмеге 30-дан астам кәсіп түрі ұсынылмақ», - делінген хабарламада.
Ведомствоның мәліметі бойынша, бұл күні жұмыс іздеушілерге мыңнан астам бос жұмыс орны ұсынылады.
Сонымен қатар көрме-жәрмеңкеде оқу орындарын бітірушілерге жастар тәжірибесінен өтуге мүмкіндік берілмек.