Елордадағы «Жастар жалыны» фестиваліне 15 жоғары оқу орнынан мың студент, бес мыңнан астам жанкүйер қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырған «Көктем. Жастық. Дарындылық» ұранымен «Жастар жалыны» (Студенттік көктем-2014) ауқымды жастар шығармашылық жобасы өткізілді.

Елордадағы «Жастар жалыны»  фестиваліне 15  жоғары оқу орнынан мың студент, бес мыңнан астам жанкүйер қатысты

«Жастар жалыны» фестиваліне 15 жоғары оқу орнынан 1000 адам және 5000-нан астам жанкүйер қатысты. Байқау барысында студенттер нөмірлерді өздері ойлап тауып, әдемі костюмдер дайындады, декорациялар жасады - актер да, режиссер де өздері болды.

Шығармашылық жоба аясында бірнеше байқау өткізілді: эстрадалық ән айту, фотокөрме, өлең оқу, халық биі, жанкүйерлер байқауы, үздік блогер, «Жайдарман». Жобаның қорытындысы бойынша астаналық студенттердің үздік командасы анықталады.

Ұйымдастырушылар astana.kz сайтына хабарлағандай, 29 сәуірде Бейбітшілік және Келісім сарайында қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен гала-концерт өтеді.