Елордадағы «Жасыл квартал» тұрғын үй кешенінде өрт шықты
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өрт сөндірушілер тілсіз жауды уақтылы ауыздықтап, 5 адамды қауіпсіз жерге көшірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін сағат 20.08-де елордадағы Е-10 көшесі 17Е мекенжайындағы үйдің (19 қабатты «Жасыл квартал»жеке тұрғын үйі кешені) өртенгені туралы хабарлама келіп түсті. Өрт сөндірушілер келгенше 9 қабаттағы пәтерде 20 шаршы метр аумақта үй заттары мен жиһаздардың өртенгені анықталды. Тілсіз жау 21.01 уақытында ауыздықталды», - деп хабарлайды қалалық ТЖД баспасөз қызметінен.
Өрт сөндірушілер 5 адам, оның ішінде бір баланы қауіпсіз жерге көшірген. Қазіргі уақытта өрттің себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер немесе жарақат алғандар жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 30 адам мен 7 арнайы техника, сонымен қатар Апаттық медицина орталығы мен 102, 103 қызметтері жұмылдырылды.