22:45, 26 Сәуір 2021 | GMT +5
Елордадағы жеке тұрғын үй секторларында көлік жылдамдығы шектелуі мүмкін
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорданың жеке тұрғын үй секторларында көлік жылдамдығын 40 сағ/шақ дейін шектеу мәселесі қарастырылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Баспасөз қызметінің деректеріне қарағанда, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және апатты жағдайларды төмендету мақсатында Полиция департаменті елорданың жеке секторының негізгі жолдарында (Ильинка, Үркер, Көктал, Агрогородок, Железнодорожный, Пригородный, Интернациональный, Күйгенжар, Мичурино) ең жоғары жылдамдықты 40 сағ/шақ дейін шектеу туралы мәселені қарастыруда.
Сондай – ақ, тәжірибе жүзінде жаяу жүргіншілер өтетін жолаққа келгенде көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлеп төмендету үшін арнайы пандус қолданылатын болады.
Бұл шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол-көлік оқиғаларының, оның ішінде жаяу жүргіншілердің жүруіне және көлік құралдарының жылдамдықты шектен тыс асыруының алдын алуға мүмкіндік береді.
Апатты жағдайларға жүргізілген талдау нәтижелеріне сәйкес, 2020 жылдың 12 айында аталған тұрғын үй алаптарында 914 жол апаты тіркелген, оның ішінде 900-ден астам адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алған