10:55, 26 Қыркүйек 2011 | GMT +5
Елордадағы Жеңіс даңғылында қозғалыс шектеледі
АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгіннен, яғни, 26 қыркүйектен бастап Мәскеу көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына дейінгі аралықта Жеңіс даңғылында жол жөндеу жұмыстарына байланысты қозғалыс толық шектеледі,

деп хабарлады Астана қаласының ІІД жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.
Бұдан басқа осы аталған себептермен Сейфуллин көшесінен Кенесары көшесіне дейінгі аралықта Жеңіс даңғылында қозғалыс шектеледі, көлік құралдарының қозғалысы Кенесары және Сейуллин көшесімен тікелей өткізіледі.
Астана қаласының жол полициясы басқармасы елорда тұрғындары мен қонақтарының барынша абай болып, балама қозғалыс бағыттарын алдын ала таңдауды, жол белгілерін және жол полициясы қызметкерлерінің талпптары мен нұсқауларын қатаң сақтауды сұрайды.