Елордадағы ЖЭО-3 қашан іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада үшінші жылу электр орталығының құрылысын мердігер бекітілген мерзімнен кешіктіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордадағы ЖЭО-3 қашан іске қосылады

Бүгін Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов елордада жылу энергиясының тапшылығын жабу үшін ЖЭО-3-ті пайдалануға енгізуді жеделдету қажет екенін айтты.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов келер жылдары елордада жылу энергиясының тапшылығы болуы мүмкін екенін жеткізді.

«Қазіргі кезде ЖЭО-3 құрылысы қайта жанданды. Бұл тұрғыда Үкіметтен тиісті қолдау бар. Бірақ мердігер бекітілген мерзімнен кешіктіріп жатыр. Осы орайда әкімдік тиісті шараларды қабылдауда. Бұл нысан келер жылы іске қосылады», - деді А. Көлгінов.

Бұдан бұрын хабарланғандай, биыл тамыз айында елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы ЖЭО-3 құрылысы бойынша мердігерге қатаң талаптар қойылғанын айтты.