23:45, 22 Қаңтар 2020 | GMT +5
Елордадан 2 млн текше метрден аса қар шығарылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 21 қаңтардан 22-не қараған түні қар тазалау жұмыстарына 1 157 техника бірлігі мен 203 жол жұмысшысы жұмылдырылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Ал 21 қаңтардағы жағдайға сәйкес қала көшелерін қардан тазарту жұмыстарына 1 146 техника бірлігі мен 1 689 жол жұмысшысы жұмылдырылған болатын. Сол күні барлығы 29 268 текше метр қар сыртқа шығарылды (2 439 рейс).
Айта кетсек, қыс басталғалы бері қала сыртына 2 102 275 текше метр қар шығарылған болатын (175 190 рейс).