Елордадан Павлодар бағытына автомобиль жолы жабылды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадан Павлодар бағытына автомобиль жолы жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Сағат 10.00-ден бастап «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті» автожолының 16-200 шақырым аралығы, Павлодар бағытындағы тасжол жабылады», - деп мәлім етті Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен.
Естеріңізге сала кетсек, бүгін таңертең сағат 7.30-да ауа райының тұрақтануына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тасжолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан учаскесі – Нұр-Сұлтан - Павлодар облысы шекарасы автокөліктердің барлық көлік түрлері үшін ашылғаны хабарланған болатын.