Елордадан Щучинск пен Теміртау бағытына шығатын жолдар жабылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бұрқасын мен көктайғаққа байланысты Щучинск пен Теміртау бағытына шығатын жолдардағы көлік қозғалысы тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

Елордадан Щучинск пен Теміртау бағытына шығатын жолдар жабылды

Сағат 18:30-дан бастап ауа райы жағдайының нашарлауына байланысты (бұрын, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Екатеринбург – Алматы» тас жолының 1291 – 1425 км, «Нұр-Сұлтан – Теміртау өткізу пунктіне дейін» учаскесінде көлік құралдарының барлық түрлері бойынша қозғалыс жабылды.

Сағат 19:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты (бұрын, көктайғақ) республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолының 18-231 шақырымы, «Нұр-Сұлтан – Щучинск» учаскесінде көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс тоқтатылды, делінген хабарламада.