Елордаға электрмен жүретін 100 автобус сатып алынады
«Астана ЛРТ жарғылық капиталы электрмен жүретін автобустар сатып алу үшін толықтырылады. Сатып алынатын электрмен жүретін автобустардың саны - 100. Сатып алу Қазақстан даму банкі лизингі арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы 15 пайыздық жарнасын біз қамтамасыз етеміз. Одан ары қаржыландыру мен сатып алуды автобус парктері дербес жүргізеді», - деді ол бүгін Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.
Сонымен қатар ол жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселесіне тоқталды.
«Әлеуметтік-маңызды, бірақ экономикалық тұрғыдан пайдалы емес бағдарлардың қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында жылдың басынан бастап әртараптандырылған тарифтің есебімен 2 млрд. теңге қарастырылды, кейін тағы 500 млн. теңге бөлінді. Қазір бюджеттің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, сондай-ақ қажеттіліктің есебімен 1 млрд. теңге бөлінеді», - деді Айжан Түгелбаева.
Қоғамдық кеңес барысында елорданың 2019 жылға арналған нақтыланған бюджеті талқыланды. Онда Астана ЛРТ-ға қосымша 2,9 млрд теңге бөлу қарастырылған.