Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймаларына коронавирусқа қарсы отандық вакцинаның 6 мың дозасы (І және ІІ компоненттің әрқайсысынан 3 000 доза), деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді

Қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, қазақстандық вакцина медициналық ұйымдарда, сауда, ойын-сауық орталықтарында және сауда үйлерінде егілетін болады.

«QazVac вакцинасы демалыс күндері жеткізілді. Бұл жолы вакциналар БМСК ұйымдарына, СОО жанындағы егу пунктеріне таратылды. Яғни, азаматтар QazVac-ты өз қалауы бойынша қаладағы вакцинация пунктерінен ала алады», — делінген басқарма хабарламасында.

Бүгінгі таңда елордада вакцинацияның І компонентін 170 мыңға жуық адам қабылдады. Ал басқарма қоймаларында «Спутник-V» препаратының І компонентінің шамамен 12 мың дозасы және қытайлық «Hayat Vax»-тың І компонентінің шамамен 18 мың дозасы бар.