Елордаға «Спутник V» екпесінің екінші компоненті жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордаға «Спутник V» екпесінің екінші компоненті жеткізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордаға «Спутник V» екпесінің екінші компоненті жеткізілді

«Қарағанды фармацевтикалық кешені елордалық тұрғындарды вакцинациялау үшін «Спутник V« екпесі екінші компонентінің кезекті траншын жөнелтті. Жалпы алғанда, Нұр-Сұлтан қаласына 148 745 доза үлестіріледі. Препаратты тасымалдаудағы ең маңызды шарт - суық тізбекті сақтау. Вакцина елордаға жетті», - деп жазды ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің баспасөз хатшысы Ержан Байтанаев Telegram парақшасында.