Елордалық еріктілер аналар мен қыз-келіншектерге қуаныш сыйлап жүр

АСТАНА. KAZINFORM –  «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында елорда тұрғындарын құттықтап, гүлдермен және шокаладтармен қуантып жатыр. Бұл туралы  елорда әкімдігінің ресми сайты жазды.

еріктілер
Фото: gov.kz

Еріктілер гүл шоқтары мен шокаладты қаланың тұрғындар тығыз қоныстанған жерлерінде әйел адамдарға сыйлап жатыр. Акция жыл сайын өткізіледі. 

еріктілер
Фото: gov.kz

«Біздің мақсатымыз – нәзік жандыларға мерекелік көңіл күй сыйлау. Қымбатты ханымдарға бақыт, денсаулық және амандық тілеймін», - деді еріктілердің бірі Ерасыл Амантай.

Астаналықтар өз кезегінде көрсетілген құрметке риза болып, жастардың ниетіне алғыс білдірді. 

ерікті
Фото: gov.kz

«Барлығына көп рақмет! Күтпеген жерден көңіл күй бірден көтерілді. Әрбір әйелге зор бақыт тілеймін!» - деді Айнұр Смайылова.

Акция әлі де жалғасып жатыр. Еріктілер астаналық аналар мен аруларға 1000-нан аса гүл мен шокалад сыйлайды. 

ерікті
Фото: gov.kz
ерікті
Фото: gov.kz

 

Соңғы жаңалықтар