Елордалық 1244 түлек ҰБТ тапсыруда
«Бүгін елорданың мектеп түлектері ұлттық бірыңғай тесті тапсыруды бастады. Бізде 4042 түлек мектеп бітірсе, соның 3588-і ҰБТ тапсырады. Қазіргі уақытта 1244 бала үш нүктеде тест тапсыруда», - деді ол.
Оның атап өтуінше, ҰБТ-ны Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде 3 ауысыммен - 1750, Қазақ мемлекеттік заң университетінде 2 ауысыммен - 781, ал С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде 2 ауысыммен - 1057 оқушы тапсыратын болады.
Айта кетерлігі, ҰБТ кезінде түлектерге қара және көк түсті қалам, қарандаш және өшіргіш қолдануға рұқсат етілген. Ал қою гельді қалам пайдалануға, емтихан материалын рұқсатсыз ашуға және айырбастауға, орын ауыстыруға, оқулық, шпаргалканы аудиторияға кіргізуге және пайдалануға, көшіруге, электронды құрылғыларды пайдалануға тыйым салынған.
Ереже бұзылған жағдайда тыйым салынған заттардың табылғандығы жайында акті жасалып, түлек аудиториядан шығарылады.