Елордалық 395 жұмысшының 125 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы қайтарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы Сарыарқа аудандық прокуратурасы «Казсевавтодор» ЖШС жұмысшылардың алдындағы еңбекақылары бойынша берешектің өтелуін қамтамасыз етті. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

Елордалық 395 жұмысшының 125 млн. теңгеге жуық жалақы қарызы қайтарылды

Атап айтқанда, прокурорлар тексеруімен «Казсевавтодор» ЖШС 395 жұмысшысының алдында жалпы сомасы 124 млн. 371 мың теңгені құрайтын еңбекақы бойынша берешегі бар екендігі анықталды. Осыған орай, прокуратураның ұйғарымын міндеттеп орындау қаулысы бойынша аталған мекеменің жұмысшыларының еңбекақылары толығымен төленіп, олардың бұзылған конституциялық құқықтары қалпына келтірілді. Сонымен қатар прокурорлық ықпал ету шаралары бойынша кәсіпорынның басшысы заңмен көзделген әкімшілік жауапкершілікке тартылды.