Елордалық әкімдік Орталық әмбебап дүкенді сүру мәселесін түсіндірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық әкімдікте бұрынғы ОӘД (ЦУМ) ғимаратын сүру мәселесі жайлы айтты, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Астана сәулет және қала құрылысы басқармасы» ММ Орталық әмбебап дүкенді сүруге қатысты өтінішті қарап, бұл нысан «Sine Tempore» АҚ-ның жеке меншігі болып табылатынын хабарлады.
«Астана әкімдігінің 2002 жылғы 27 желтоқсандағы № 3-1-30 қаулысымен бекітілген Астананың орталық бөлігі аудандарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобасына сәйкес бұл аумақ қаланың қалыптасқан бөлігі болып табылады және бұл жер учаскесіне қандай да бір басқа нысандар орналастыру қарастырылмаған», - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Атап өтсек, көптеген әлеуметтік желі пайдаланушылары ғимараттың тарихи мәніне сілтеме жасап, оны бұзуға қарсы пікірлер білдірген.