Елордалық аквапаркке 6 мың бала тегін барады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада тұрмысы төмен отбасылардағы 1 500 бала жабық аквапаркте болып қайтты. Бұл туралы қалалық білім беру басқармасының басшысы Әнуар Жанғозин мәлім етті, деп хабарлайды әкімдіктің медиа орталығы .
Астана қаласы әкімдігі мен «Ailand» отбасылық демалыс орталығы арасындағы келісімге сәйкес аквапаркке барлығы 6 мың бала тегін барып қайтады.
Жыл соңына дейін тағы да 4,5 мың бала аквапаркте болады. Бұл - оқу озаттары, аз қамтылған, көпбалалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балалар.
Естеріңізге салайық, балалар мен ересектерге арналған жасанды су қоймасы биыл жазда пайдалануға берілген. Ғимараттың ауданы 8,5 мың шаршы метр.
Ойын-сауық кешенінде аттракциондар, моншалар, демалыс және тамақтану орындары бар.