Елордалық арбадағы бишілер ҚР чемпионатында үздік атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтауда арбадағы биден республикалық чемпионат өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.
Астана намысын қорғаған команда 6 алтын, 2 күміс және 2 қола медальды олжалап, жалпы командалық есепте бірінші орынды иеленді.
Дастан Раушанбеков пен Күлшім Аталықованың жұбы Combi Standart Class 2 номинациясы бойынша алтынды иеленсе, Ардақ Оторбаев пен Қарлығаш Тынабекова Duo Standart Class 1 дәрежесі бойынша үздіктер қатарынан көрінді. Жарыс халықаралық біліктілік номинациялары бойынша: Combi / Duo - Standart, Latina, Freestyle өтті.
Чемпионатқа Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қарағанды, Жамбыл, Қостанай, Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласының бишілері қатысты.