Елордалық ардагерлер ендігі уақытта қоқыс шығару үшін ақы төлемейді

АСТАНА. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар үшін қоқыс шығару қызметі енді тегін көрсетіледі. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты «Астана-Тазарту» ЖШС-іне сілтеме жасап хабарлады.
None
None

«Астана-Тазарту» ЖШС 2013 жылдың 1 наурызынан бастап Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен оларға теңестірілген азаматтар үшін ҚТҚ үшін алынатын ақы төлеуден босатылғанын хабарлаймыз. Бұдан былай ардагерлерге осы бағытта тегін қызмет көрсетіледі», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, компания І және ІІ топтағы мүгедектерге ҚТҚ шығаруға ақы төлеуде сараланған жеңілдіктер қарастырады.

Қосымша ақпараттар алып, растайтын құжаттарды ұсыну үшін «Астана-Тазарту» ЖШС жеке тұлғалармен жұмыс бөліміне жолығуыңызға болады.

Қалалық мәслихаттың бекітілген шешіміне байланысты Астанада қоқыс шығару қызмет ақысы 2013 жылдың 10 ақпанынан бастап:

- барлық жағдайы бар үйлерде тұратын тұрғындар үшін айына бір адамға - 259,20 теңге;

- барлық жағдайы жоқ үйлерде тұратын тұрғындар үшін бір адамға айына - 276 теңге болып бекітілді.

Айта кету керек, Астанада тұратын барлық соғыс ардагерлері мен мүгедектері пәтермен қамтылған. Оларға дәрі-дәрмектер алу, амбулаториялық емделуі үшін ақшалай әлеуметтік көмектер көрсетіледі. Қалалық қоғамдық көліктерде тегін жүріп, санаториялық-курорттық емделулерге, тіс протезін салуға, коммуналдық қызметтер мен және де басқа қызметтер ақысыз көрсетіледі. Сондай-ақ, олар мереке мен атаулы күндері бірреттік ақшалай көмек алады.

Соңғы жаңалықтар