Елордалық ардагерлерге парадқа арналған костюмдер берілуде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығын мерекелеу аясында іс-шаралар жоспары бекітілді.

Елордалық ардагерлерге парадқа арналған костюмдер берілуде

Оған сәйкес соғыс ардагерлерін бірыңғай киіммен қамтамасыз ету қарастырылған, деп хабарлайды astana.kz. Астана қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, бірыңғай киім жиынтығы сұр түсті костюм, юбка, сұр түсті пальто немесе плащ, галстук пен көгілдір берет, ақ жейде мен қара аяқ киімнен тұрады. Басқармадағылардың айтуынша, 4 сәуірден бірыңғай форма ҰОС ардагерлері мен мүгедектеріне таратыла бастады. Қазіргі кезде Астанада 41 ардагер парадқа арналған костюммен қамтамасыз етілді.