Елордалық аспаздар Даун синдромына шалдыққан балаларға шеберлік сабағын өткізді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 26-27 наурыз, демалыс күндері «Кафе Целинников» мейрамханасы мен «АртиШОК» кондитерлер клубының аспаздары Даун синдромына шалдыққан балаларға шеберлік сабағын өткізді.
None
None

26 наурыз күні «Кафе Целлиников» мейрамханасында 5-9 жастағы балалар «АртиШОК» кондитерлер клубы аспаздарының жетекшілігімен шоколад тәттілерін жасап, оларды кейіннен ата-аналарымен бірге дәм татты.

Ал бүгін жасөспірімдерді мейрамхананың бас аспазы Эка Надирадзе қарсы алып, ол балаларға нағыз хачапури дайындауды үйретті.

Айта кетерлігі, шеберлік сабақтары балаларға тегін өткізілді. Мұнан бөлек, олар бірегей тағамнан дәм татып, торт жасаудың қыр-сырын да үйренді.

Бүгінде елордада Даун синдромына шалдыққан шамамен 300 бала бар. Жыл сайын Астанада дәл осындай диагнозбен 30 сәби дүниеге келеді. 2015 жылдың желтоқсанында ата-аналардың күшімен «Солнечный мир» қоғамдық қоры құрылды. Оның басты мақсаты - Даун синдромына шалдыққан балаларды оңалту және оларға көмек көрсету.
null null null null null null

Соңғы жаңалықтар