Елордалық Ассамблея мүшелері «Қазпочта» ұжымымен кездесті

Шараға «Қазпочта» АҚ ұжымының өкілдері мен қалалық этномәдени бірлестіктердің өкілдері қатысты. Кездесудің мақсаты - Мәңгілік Ел жалпы азаматтық құндылықтар жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде Н.Ә. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен ұлттық бірліктің қазақстандық моделінің негізгі принциптерін таныстыру. Астана қаласының әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» ҚММ директорының орынбасары Құдайберген Секербаев атап өткендей, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығын тойлау аясында Астанада бірнеше іс-шаралар, оның ішінде, елордалық кәсіпорындар мен ұйымдардың еңбек ұжымдарымен кездесу жоспарланған. Кездесуге қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының Қазақстандағы барлық ұлттардың өкілдерін біріктіретін бірегей институт ретіндегі рөлін атап өтті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының басты жетістігі - Қазақстан аумағындағы бейбітшілік, ұлтаралық, діни және әлеуметтік келіспеушіліктердің болмауы. Ең маңыздысы - осы. Бәріміз бастаған істі аяғына жеткізейік, белсенді өмірлік позицияны ұстанайық, бір ел екенімізді ұмытпайық», - деді «Алеф» еврей мәдени орталығы төрағасының орынбасары Николай Горбунов. Кездесуді қорыта келе, спикерлер кездесуге қатысқаны үшін «Қазпочта» АҚ ұжымына алғыс айтып, қызметінде табыс тіледі.