Елордалық ауруханада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Ашық есік күні өтеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 12 мамырда Астанада №1 қалалық ауруханада Жеңіс күніне орай Ашық есік күні өтеді. Бұл күні елордалық ардагерлерге кардиолог, терапевт, эндокринолог, невролог, пульмонолог, андролог, ЛОР дәрігерлері тегін консультациялар беріп, медицина өкілдері салауатты өмір салты бойынша кеңестерін ұсынады, деп хабарлады https://astana.gov.kz.

Елордалық ауруханада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған Ашық есік күні өтеді

Елордада 9 мамыр мерекесіне орай мамыр айы басталғалы бірқатар патриоттық шаралар өткізілді. Өйткені, Жеңіс күні бұл соғыстың ауыртпалығын түсінуге және бейбітшілікті, тыныш өмірді бағалауға итермелейтін мереке. Осы атаулы күн көпұлтты мемлекетіміздің әрбір тұрғыны үшін аса қымбат. Сұрапыл соғыс жылдары қаза тапқандарды мәңгі есте сақтау және ардагерлерге қамқорлық көрсету барлық буын өкілдерінің парызы болып табылады.

Ардагерлерді қабылдау таңғы сағат 8:00-12:00 дейін жүргізіледі. Айта кетейік, соғыс жылдарының батырларына жыл сайын таяу және қиыр шет елдерде біліктіліктерін арттыратын аурухананың жоғары білікті дәрігерлері қызмет көрсетеді. Шараға Ұлы Отан соғысының ардагерлерінен басқа, Алматы ауданының 65 жастан асқан тұрғындары да қатыса алады.