Елордалық автобустардың 70 пайызы жаңартылды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордадағы қоғамдық көліктердің 70 пайызы жаңартылған. Бұл туралы «Астана LRT» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары Бейбіт Есжанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық автобустардың  70 пайызы жаңартылды

Қоғамдық көліктің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу мәселелерін талқылаған жиында «Астана LRT» ЖШС өкілі техниканы жаңалау бойынша кешенді жоспар іске асырылып жатқанын атады.

«Қоғамдық көліктерді жаңалаумен қатар жүргізушілердің тапшылығын азайтуға да күш салып келеміз. Жыл басынан бері мамандар тапшылығы 200 адамға азайтылды. Бірте-бірте автокәсіпорындардың штаттары 100 пайыз толығуы тиіс. Техниканы жаңалау бағытында 400 ескі автобусты ауыстырдық, осылайша автопарктер 70 пайызға жаңартылды» - деді Бейбіт Есжанов.