Елордалық балалар арасында қызылша мен А гепатитін жұқтыру жиіледі - Сархат Бейсенова

АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл елордадағы балалар арасында А вирустық гепатиті мен қызылша жұқтыру деректері тіркеліп жатыр. Мұны Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Сархат Бейсенова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Биыл 3 айдың қорытындысы бойынша 1 жасқа дейінгі, 1 жастағы және 6-7 жас аралығындағы балалар мен 16-17 жас аралығындағы жасөспірімдер барлық инфекцияларға қарсы ДДҰ-ның талап етілетін межесіне сай екпе алды. Бірақ, бұл ретте А вирустық гепатитінің тіркелген 48 жағдайының 11-і вакцина алмаған балалар арасында болды. Ата-аналар көбіне профилактикалық екпелерден бас тартады. 2 жастағы балаларға А вирустық гепатитіне қарсы иммундау 2006 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражатынан жүргізіліп келе жатыр. Осы аралықта А вирустық гепатитімен сырқаттанушылық 22,2 есе төмендеді», - деп тоқталды Сархат Бейсенова.

Оның айтуынша, 2 жыл қатар елордада қызылша тіркелмеген. Ал биыл наурыз айынан бастап аталған аурудың 7 жағдайы анықталды. Оған ата-аналардың балаларына қызылшаға қарсы екпе салдырудан бас тартуы себеп.

Сонымен қатар, Астана қаласының бас мемлекеттік санитариялық дәрігері елордада Ресей азаматынан денге безгегі анықталғанын айтты.


Соңғы жаңалықтар