Елордалық «Барыс» клубы Омбының Авангардын 3:2 есебімен жеңді
sp; АСТАНА. Қарашаның 19-ы. ҚазАқпарат /Қанат Құлшыманов/ - Сәрсенбі күні елордада өткен кездесуде «Барыс» хоккей клубы (Астана) ресейлік «Авангард» клубын (Омбы облысы) жеңді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ойынның нүктесі овертаймда қойылды және 3:2 есебімен «Барыстың» жеңісімен аяқталды. Барыстықтардың қатарында М.Спиридонов, Т.Жайлауов және К.Даллмэн сынды ойыншылар көзге түсті.
Андрей Шаянов жетекшілік ететін елордалық команданың келесі қарсыласы - ресейлік «Сібір» клубы (Новосібір). Ойын қарашаның 22-де Новосібірде өтеді.