Елордалық базарларда бағалар өзгерді
АСТАНА. 25 қазан. ҚазАқпарат - Қалалық базарларда осы айда бағалардың өзгеруі байқалды, деп хабарлайды Статистика департаменті. Күнбағыс майы мен көкөністер арзандаса, ірімшік, жұмыртқа, күріш пен басқа да азық-түліктер қымбаттаған.
«15 қазандағы жағдай бойынша қара бидай және қара бидай - бидай наны 5,1%-дан 7,9%-ға дейін, тауықтың сирағы 5,1%, ірімшік 5%, жұмыртқа 4%, күріш 2,6%, сүзбе 2,4%, айран 1,6%, пастерленген сүт 0,6% қымбаттады, ал өсімдік майы 2,1% арзандады», - деп хабарлады ведомстводан.
Көкөністер тобынан сәбіз бағасы 23,7%, картоп 23%, аққауданды қырыққабат 16%, қызылша 13,8%, пияз 12,1%, баклажан 2,6% төмендеп, қызанақтың бағасы 6,3%, тәтті бұрыш 1,2% өсті.