Елордалық циркте үйретілген арыстандар, түйелер, маймылдар мен аюлар өнер көрсетеді

Көрсетілімге дейін бір сағат қалғанда цирк фойесінде меймандар Жаңа жылдық сезімге еніп, аниматорлар барлығын сиқырлы соқпақпен Аяз ата мен Ақшақарға апарады. Сондай-ақ, Санта-Клаус ойындар өткізеді, экзотикалық жануарлармен суретке түсіреді және т.б.
«Ғажайыпты сақтаушылар» - бұл белгілі ертегі кейіпкерлері - Аяз ата мен Ақшақар, Тіс перісі, Трольдер мен Эльфтердің, Қар патшайымы мен Смурфиктер қатысатын қызықты және ерекше цирк думаны.
Бұдан басқа, акробаттар, әуе гимнастшылары, иллюзионист, балет әртістері мен сайқымазақтар да өз өнерлерін ортаға салады. Бағдарламада үйретілген арыстандар, түйелер, маймылдар, аюлар және 2014 жылдың нышаны - Сиқырлы жылқы аттракционы көрсетіледі.
Қызықты заманауи қойылым, цирк әртістерінің жемісті еңбегі, керемет костюмдер ешкімді де бей-жай қалдырмайды.
Жаңа жылдық демалыс кезінде елордалық циркке Қазақстанның түкпір-түкпірінен 32 мыңнан астам бала келеді.