Елордалық цирктің баспасөз орталығы ашылды

АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат /Құралай Жолдыбаева/ - Бүгін елордалық циркте Балтабек Жұмағұлов атындағы баспасөз орталығы ашылды,

Елордалық цирктің баспасөз орталығы ашылды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Бүгін ҚР Еңбек сіңірген әртісі Балтабек Жұмағұловтың аты берілген баспасөз орталығы ашылып отыр. Ол бірнеше рет халықаралық фестивальдердің жүлдегері, лауреаты болған біздің әріптесіміз. Сондықтан аталмыш орталыққа оның есімін беру біз үшін ерекше оқиға. Енді бұдан былай БАҚ өкілдері циркте қай уақытта, кімнің қатысуымен қандай шаралар өтетінін осы баспасөз орталығынан біле алады», - деді баспасөз орталығының салтанатты ашылуында «Астаналық цирк» директорының міндетін атқарушы Бекболат Байсағатов. Атап өтер жайт, баспасөз орталығының ішінде Б.Жұмағұловтың өмір жолдарынан хабардар етер суреттер ілініп, мәздем бейнесіндегі қуыршақтар қойылған кішігірім мұражай да пайда болды.