Елордалық дәмханалардың бірінде ірі өрт болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ
АСТАНА. Сәуірдің 16-сы. ҚазАқпарат - Елордалық дәмханалардың бірінде ірі өрт болды, қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ,
деп хабарлады еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Құтқарушылардың ақпаратына қарағанда, сәуірдің 16-сына қараған түнгі сағат үште ғимараттың төбесін жауып тұрған ішкі қаптама өрт құшағына оранған. Қызыл жалын 350 шаршы метр аумақты қамтыған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Тілсіз жау жарты сағат өткеннен кейін Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметінің күшімен ауыздықталды. Апаттың алдын алуға аталған мекеменің жеке құрамындағы 36 маман мен 8 техника жұмылдырылды.