Елордалық дәрігерлер 2013 жылға скринингтік тексерудің тізімін жасады

Атап айтқанда, 2013 жылы скринингтік тексеру ауру түрлерінің мынадай бағыттары бойынша түрлері жалғастырылады:
- 25, 30, 35, 40 жастағы ерлер мен әйелдердің қандарындағы холестерин мен глюкозаны анықтау жолымен артериалдық гипертензия мен жүректің ишемикалық ауруын және диспансерлік есепте тұрмаған 40 пен 64 жасқа дейінгілер арасында артериалдық гипертензия, жүректің ишемикалық ауруы, қант сусамыр сырқаттарын ерте кезеңде анықтау үшін скринингтен өткізу. (Өту мерзімі - 2 жылда 1 рет);
- саңыраулықтың туабітті және тұқым қуалаушылық түрін ерте кезеңде анықтау скринингі. Ол қаланың барлық перзентханаларында жаңа туған сәбилерді заманауи жоғары технологиялық жабдықтардың көмегімен жүзеге асады. Бөбектерде сырқаттың алғашқы белгілері анықталған жағдайда сурдолог дәрігерге қайта тексеруге жіберіледі;
- жатыр мойыншасы қатерлі ісігі бойынша диспансерлік тіркеуге тұрмаған 30, 35, 40, 45, 50, 55, 60 жастағы әйелдерде жатыр мойыншасы мен сүт безінің ісігін ерте анықтау скринингі;
- В және С гепатит қаупінің мақсатты тобының скринингі. Қауіпті топқа қан құюдан немесе оның компоненттерінен өткен, ота жасалған, жаңадан пайда болған қатерлі қан ауруына шалдыққан, гемодиализдегі балалар жатады. Бұдан бөлек, қатерлі топта ересек медициналық қызметкерлер (хирургия профилінің, процедуралық кабинеттің, жедел медициналық жәрдемнің, қан орталықтарының, паталогоанатомиялық қызметтің ота жасайтын дәрігерлері мен медбикелер, сот медициналық сарапшылар), гемодиализдегі қан ауруына, жаңадан пайда болған қатерлі ауруларға шалдыққандар бар;
- глаукома бойынша диспансерлік тіркеуге тұрмаған 40, 42, 44, 46, 48, 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдерде глаукоманы ерте анықтау скринингі;
- артериалдық қан қысымының артуы, жүректің ишемиялық ауруы және қант сусамыры бойынша диспансерлік тіркеуге тұрмаған 25, 30, 35, 40 жастағы, 40 жастан 64 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдерде қант сусамырын ерте анықтау скринингі (Өту мерзімінің аралығы - 2 жылда 1 рет);
- полипоз, тоқ ішек және тік ішек бойынша тіркеуге тұрмаған 50, 52, 54, 56, 58, 60, 62, 64, 66, 68, 70 жастағы ерлер мен әйелдерде колоректалдық ракты ерте анықтау скринингі;
- простатит қатерлі ісігі бойынша тіркеуге тұрмаған 50, 54, 58, 62 және 66 жастағы ерлерде простатит ісігін ерте анықтау скринингі;
Жоғарыда аталған тексерулер тұрғындардың мақсатты тобы арасында тегін жүргізіледі.