Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы

АСТАНА. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы бүгін Астанада өткен брифингте Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің ресми өкілі Мұрат Жұманбай мәлім етті,

Елордалық денсаулық сақтау басқармасының басшыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды - Қаржы полициясы
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Биылғы жылғы сәуірдің 7-інде қалалық №2 ауруханасы үшін мемлекеттік сатып алу шаралары барысында өкілеттігін асыра пайдалануына байланысты Астана қалалық Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Темірлан Кәрібеков пен оның орынбасары Т. Әлмұхамбетоваға қатысты қылмыстық іс қозғалды», деді ресми өкіл. Оның айтуынша, аталған заңсыз шаралар аясында мемлекетке келтірілген шығын 3,7 миллион теңгені құрады. Бұдан бұрын хабарланғандай, Темірлан Кәрібековке қатысты қызмет өкілеттігін теріс пайдаланды деген айып тағылған болатын. Наурыздың 28-інде ол үйқамаққа алынды.