Елордалық дойбышылар Азия чемпионатында 9 медаль иеленді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ташкент қаласында дойбыдан өткен Азия чемпионатында елордалық өрендер 9 медальді қанжығаға байлады, деп хабарлады www.24.kz.

Елордалық дойбышылар Азия чемпионатында 9 медаль иеленді

Осылайша спортшылар қоржынға 4 алтын, 5 күміс жүлде салды. 11 жасқа дейінгі дойбышылар арасында Айбек Наралиев алдына жан салмады. Жарыстың рапид, блиц, классика кезеңдерінде оқ бойы оза шауып, үш алтын медаль иеленді. Байрақты бәсекеде ел құрамасы командалық есепте 2-орынға табан тіреді.

« Негізгі жарысымыз - қараша айында өтетін әлем чемпионаты. Голландияда болуы керек, соған дайындаламыз», деді аға жаттықтырушы Ғалымжан Сәрсекеев.