Елордалық емханаларда Smаrt Astana жобасы жүзеге асырылуда

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгінгі таңда Астанада Smаrt Astana жобасы жүзеге асырылуда, бұл шара қала өмірінде жаңа технологиялардың экономикалық және экологиялық негізде жұмыс істеуіне және елордада инновациялық платформа құруға бағытталған, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
None
None

Smart Astana жобасының концепциясы негізінде елорда тұрғындарына медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту бойынша үздіксіз жұмыс атқарылуда. Ақпараттық жүйені енгізу - медициналық мекемелердің халықпен тығыз байланыс орнатуына өз септігін тигізеді. Атап айтқанда, кейбір медициналық мекемелерде ақпараттық жүйе енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді, электрондық кезек, дәрігер қабылдауына онлайн жазылу, электрондық медициналық карта секілді жаңашылдықтар енгізілді. Аталмыш инновациялық жүйе бүгінде № 10 қалалық емхана базасында да жұмыс істеуде.

«Кезек күтуді жою, қолайлы жағдай құру, ересектер мен балалар арасындағы кезекті қадағалау мақсатында бұл жаңашылдықтар енгізіліп отыр. Сондай-ақ, тіркеу және қабылдау процедуралары үшін Triage-жүйесі енгізілді, бұл келушілердің ауру жағдайы мен өтінішіне қарамастан қабылдаулар жүргізуге септігін тигізеді. Мұның барлығы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды сақтауда маңызы зор және әр түрлі инфекциялық аурулар тарауының алдын алады», - деп атап өтті Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е. Байжүнісов.

№ 10 қалалық емхана базасында амбулаторлық хирургия орталығы жұмыс істейді. Орталық заманауи құрал-жабдықдармен қамтылған, науқастарға амбулаторлық деңгейде (хирургия, урология, гинекология) жедел көмек көрсете алады. Сондай-ақ, косметикалық хирургияны енгізу жоспарланып отыр.

Сонымер қатар, келесі жылы науқастың электрондық медициналық картасы енгізілмек.

Айта кету керек, Smart Astana жобасы аясында Астана қаласы әкімдігі мен Астана қаласының Денсаулық сақтау басқармасының қолдауында 2014 жылдан бері Бірыңғайақпараттық медициналық «Call-орталығы» елорда тұрғындары мен қонақтары үшін (1300 қысқа номері бойынша) жұмыс істейді.

«Call-орталық» медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасын арттыруға, адамдардың өтініш-тілектерімен жұмыс істеу тиімділігін жақсартуға бағытталған», - деді Е. Байжүнісов.

Соңғы жаңалықтар