Елордалық Ішкі істер департаментінде ардагерлерге құрмет көрсетілді

АСТАНА. 7 мамыр. ҚазАқпарат - Елордалық Ішкі істер департаментінде Отан қорғаушы күні мен Жеңіс күніне арналған салтанатты шара өтті.
None
None

Аталған шарада ІІД бастығы, полиция генерал-майоры Амантай Әубәкіров ардагерлерге олардың майдандағы және еңбектегі ерліктері үшін ризашылығын білдіре отырып, Жеңістің 68 жылдық мерекесімен құттықтады.

Мерекелік құттықтаулар Астана қалалық ІІД Ардагерлер кеңесінің тарапынан да айтылды. Кеңес төрағасы Есім Таңабергенов ардагерлер мен полиция қызметкерлеріне өз құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар осы күні ардагерлер «Отан қорғаушылар» монументіне гүл шоқтарын қойды. Одан кейін ардагерлер үшін мерекелік концерт ұйымдастырылды.

Бұдан бөлек, ҚР Ішкі істер министрінің және Астана ІІД бастығының бұйрықтарымен бірқатар қызметкер қызметтік міндеттерін мінсіз атқарғаны, заңдылықты және құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлестері үшін грамоталармен және медальдармен марапатталды.

Соңғы жаңалықтар