Елордалық Ішкі істер департаментінде Тергеу органдары қызметкерлерінің күніне орай мерекелік шара өтті

СТАНА. Сәуірдің 5-і. ҚазАқпарат - Ертең, сәуірдің 6-сы - Тергеу органдары қызметкерлерінің күні. Осыған орай бүгін Астана қалалық Ішкі істер департаментінде мерекелік шара өтті.
None
None

Бұл туралы аталған ведомствоның тіл саясаты және ақпарат бөлімінен хабарлады.

Мерекелік іс-шараны салтанатты түрде ашқан департамент бастығы, полиция полковнигі Марат Демеуов Тергеу басқармасы қызметкерлерін марапаттай келе, «биыл тергеу органдарының құрылғанына 47 жыл толып отыр. Қылмыскерлермен күресу жолында олардың күнделікті өмірі ерлікке, қаһармандық пен қауіпке толы. Қоғамның барлық даму кезеңінде азаматтардың өмірін, денсаулығын қылмыстық қол сұғудан қорғауда тергеу органы қызметкерлеріне жүктелген әр міндет аса жауапкершілік пен тиянақтылықты қажет ететіні баршаға мәлім. Бүгінгі елордалық тергеушілер жасалған қылмыстардың ізін суытпай ашуда жақсы нәтижелерге қол жеткізуде», деп атап өтті.

Шара барысында Астана қалалық ІІД бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Дмитрий Малахов ҚР Ішкі істер министрінің қолы қойылған мақтау қағазымен, сондай-ақ бірқатар қызметкер департамент бастығының бұйрығымен мақтау қағаздарымен марапатталды. Сонымен қатар тергеу орындарында қызмет ететін 86 қызметкерге жалпы көлемі 1 жарым миллион теңге қаржылай сыйақы берілетін болды. Салтанатты шара мерекелік концертпен жалғасты.

Соңғы жаңалықтар